Шу темір жол колледжінде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі

18 маусым күні Шу қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторының ұйымдастыруымен Шу «Темір жол «колледжінде «Жастар -ұлт болашағы» атты жастарға құқықтық, психологиялық, әлеуметтік бағыттар бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған іс-шараға Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы » КММ-нің аға инспектор заңгері Касенова Әсел Қыпшақбайқызы және «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің психологы Қонысбай Шарапат Жарқынбекқызы қатысты. Студенттер мамандарға сауалдарын қойып, жауаптарын алды. #Шу қаласы# #Шу жастары#10. 01. 2019ж.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасы аясында азаматтардың өз бетінше жұмысқа орналасуға мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылған.
Осы Бағдарлама шеңберінде «Шу темір жол колледжі» мекемесінде «Газ және электр дәнекерлеуші», «Сантехник», «Электромонтер» мамандықтары бойынша оқыту басталды. Оқыту ұзақтығы бір айдан үш айға дейін.

Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады

«Жастар жылы» аясында «Қазақстан — тәуелсіздік жолында» тақырыбында студенттерге теміржол мекемелеріне экскурсия жасалды. Аталған экскурсияда жұмыс барысымен таныстырып, түсіндірген өндірістік-технологиялық бөлім басшысы Ж. Даберов сонымен қатар өндірістік және экологиялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. Гилязитдинов болды.

«Шу темір жол колледжі» студенттерінің қатысуымен «Мен өмірді таңдаймын» атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг барысында жастар арасында өмірге деген құштарлықты арттыру, имандылықты, рухани құндылықта бала бойына дарыту мақсатында шығармашылық, рольдік ойындар жүргізілді. Нәтижесінде студенттер өмірге деген құштарлық пен адам бойындағы ең жағымды қасиеттерді рольдік ойындар арқылы түсіне білді. Сабақта шаршағаннан арылу, өздерін еркін сезіну, стрестен арылу мақсатында релакцациялық жұмыстар жүргізіліп отырды.

«Шу темір жол колледжі» мекемесінде 23.05.2019 жылы «Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру», «Құқықтық сауат-заман талабы» тақырыбында АПБ-нің аға инспекторлары Үміт Хабибұлы, Айсұлу Бараққызы мен колледждегі ДТІЖО Сутенова Ү. М және ДҚІЖО Абдуллаев Т. М қатысуымен кездесу өткізіліп, студенттер түгел қатысты. Студенттер көкейдегі өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Колледжіміздің мақтан тұтар 2 курс студенті Шантыбай Темірлан «Аудандық жастар делфийлік ойындарынан» жүлделі ІІ орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Бұл ойынның мақсаты — өнердің жоғары форумы ретінде жастарды тәжірибелік дамыту мақсатында өткізілетін, шығармашылық дарынды және талантты жастарды тауып, орындаушылардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету болып табылады. Темірланды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылығына толағай табыствр тілейміз!

Колледж психологы Аргимбаева А. мен медбике Бердібаева А. ұйымдастыруымен студенттер арасында «Нашақорлықты алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты нашақорлықтың адам ағзасына, әсіресе соның ішінде жүйке жүйесіне тигізетін кері әсерлерін түсіндіру болып табылады. 

Дөңгелек үстелдің соңы кітап көрмесіне ұласты. Сонымен қатар әр түрлі рухани тақырыпта әңгімелер жүргізіліп, студенттер бір сергіп қалды.

 

Күні кеше колледж кітапханасында қалалық кітапхананың қатысуымен 1 мамыр — Бірлік күніне орай «Қазақстан — тұрақтылық пен татулық мекені» атты дөңгелек үстел өтті. Талқылауға колледж студенттері қатысты.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі.
Біздің колледжімізде шет қалмай, жылдағы дәстүр бойынша «Наурыз көже» пісіріп, арнайы ақ дастархан жайды. 
Қазақтың төл мерекесімен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Шу қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы Турисова Мақпал Байғұтқызы, Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімбаева Гүлмира Амангелдіқызы, әлеуметтік қызметкерлері Төрекулова Айгул, Айткулова Ардақ Замашқызының бірлесе ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізілді. Аталған шараға «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттері қатысты. Акция барысында жалғызілікті қарт Игнатьева Файна Григорьевнаның үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй ішіндегі бөлмелерін тазалап, аула маңы күл-қоқыстан тазартылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты- көңілдеріндегі үміт отын өшірмеген әжелерімізге қуанышты көңіл күй сыйлау, мейірімге бөлеу, үлкеннің батасын алу. 

 

Мәнерлеп оқудан «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттерінің жүлделі орындар иеленіп, марапатталу сәті.

«Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттерінің кітапханада өткен іс шаралардан көрініс.