Шу темір жол колледжінде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі

«Шу темір жол колледжі» мекемесіне Шу ауданы полиция қызметкерлері шақырылып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық бойынша іс-шара өткізілді.

«Шу темір жол колледжі» мекемесінде 1-наурыз алғыс айту күніне орай, колледж кітапханашысы Ш.Т.Инкарбекованың ұйымдастыруымен «Алғыс айту — парызым» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға колледж білімгерлері атсалысып өз өнерлерін көрсетті. Өнер көрсеткен білімгерлер: Бағдат Марлен, Рашидова Адель, Қалбаев Аслан, Құранбай Жұлдыз, Досумбекова Балнұр, Мусаев Махмуд, Аюб Айбар

24-ақпан күні «Шу темір жол колледжі» мекемесінің психологы Қайсар Аяжан Мұратқызы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдуллаев Таджир Максим-оглының ұйымдастыруымен, Шу жастар ресурстық орталығының мамандары шақырылып, «Нашақорлық және алкоголизм», «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзузшылық» тақырыбында алдын алу мақсатында семинар-тренинг өткізілді. Семинарда студенттерге әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, мамандарға жан-жақты сұрақтар қойылып, колледж студенттерімен ойындар ойнатылды.

"Шу темір жол колледжі" мекемесінде 23 ақпан күні "Тұмау және ЖРВИ, коронавирустық аурудың алдын алу" тақырыбында колледж медбикесі А.Қ.Бердибаеваның ұйымдастыруымен алдын алу іс шарасы өткізілді. Іс-шараға қалалық емхананың эпидемиолог, инфекционист дәрігері Дюсембиев С.Х және медбикесі Бударино О.В. қатысуымен білімгерлерге дәріс оқылды. Жан-жақты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

"Шу темір жол колледжі" мекемесінде колледж психологы Қайсар Аяжан Мұратқызының ұйымдастыруымен, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін болдырмау және алдын алу мақсатында 1-курс студенттеріне "Өмір жалғыз" тақырыбында тренингтік сағаты өткізілді. Тренинг барысында студенттерге өмірге деген құлшыныстарын арттыруға арналған мотивациялық бейнеролик көрсетіліп, "Менің өмірлік құндылығым" тақырыпта студенттер пікірлерін білдіріп, ой қозғады

Өз ұлтының тәуелсіздігін аңсаған азаттықтың ақыны — Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, 19 ақпан күні «Шу темір жол колледжі» мекемесінің кітапханашысы Ш.Т.Инкарбекованың ұйымдастыруымен «Мұқағали Мақатаев — ХХІ ғасыр ақыны» атты іс-шара өткізілді. Іс-шарада кітапханашы Инкарбекова Ш.Т. ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, колледж студенттері ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқып шықты.

«Шу темір жол колледжі» мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен, аудандық «Насими» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы «Қоғамдық бірлестігінің» жетекшісі Мухамеджанова Гульханум Насруллаевна шақырылып, «Ассамблея — татулыққа бастар төте жол» тақырыбында іс-шара өткізілді.

       Тарих беттерінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінде 10 жылға жуық қанды қырғын шайқасты басынан өткізгені туралы баяндалып, таңбаланғаны баршаға мәлім. Сол бір сұрапыл соғыс 1989 жылы аяқталып, 15 ақпанда барлық сарбаздар Ауған жерінен шығарылғанына да биыл 32 жыл толып отыр. Жыл сайын осы айтулы күні аманатты арқалап, өмір мен өлім бетпе-бет келген қанды шайқасқа қатысып, ерлік пен елдіктің ерен үлгісін көрсете білген жауынгерлерімізді құрмет тұтып, еске алып, мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрады. 2021 жылдың ақпан айының 11 күні «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттері қалалық кітапханашылардың қатысуымен, «Ауғанстан — ұрпаққа үлгі болар ерлік!» тақырыбында шығармалар, өлең-жырлар оқып, іс-шараға белсене қатысты.

2021 жылдың ақпан айының 4-і күні «Шу темір жол колледжінің» педагог-психологы колледж студенттеріне Сенім жәшігіне байланысты, «Мен сенім жәшігі туралы білемін» атты акциясын өткізді.

2021 жылдың қаңтар айының 27-күні «Шу темір жол колледжі» мекемесіне Шу аудандық ардагер апайлар шақырылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, колледж психологы және кітапханашының қатысуымен «Ұрпақтар сабақтастығы- руханият бірлігі» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты — ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды дәріптеу.
Тәрбие сағатына 1-курс студенттері белсене ат салысты.

2020 жылдың 26 қараша күні «Шу темір жол колледжі» мекемесінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықа жол жоқ!» акциясы аясында Шу қалалық полициясы қызметкерлерімен бірлесе отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында іс-шара өткізілді.

«Шу темір жол колледжі» мекемесінің кітапханашысы Ш.Инкарбекованың ұйымдастыруымен ТЭМ-01 тобының студенттері мен қалалық №2 кітапхана кітапханашыларымен бірлесе отырып, «Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға» тақырыбы аясында, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ жерінің дамуына экономикасының бар ерік жігерін жұмсаған ұлт санасын оятқан ұлы тұлға — Тұрар Рысқұлов ескерткішіне тағзым етілді

«Шу темір жол колледжі» мекемесінде студенттер арасындағы колледж президентін сайлау. Сайлау нәтижесінде студенттердің көп дауысын жинаған 2-курс студенті Досумбекова Балнұр колледж президенті болып тағайындалды

2020 жылдың 4 қараша күні «Шу темір жол колледжі» мекемесінің волонтер жастары Шу қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторларының ұйымдастыруымен Волонтерлар жылы аясында «Қамқор» волонтерлік бағыты бойынша Шу қаласында тұратын қарт адамдарға үй шаруасына көмек көрсетті

Әлемдегі қазіргі ахуал адамдарға медициналық көмекпен бірге психологиялық қолдау керек екенін көрсетіп отыр. Сол себепті «Шу темір жол колледжі» мекемесінде, колледж психологы және медбикесінің қатысуымен білімгерлерлерге медициналық, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында профилактикалық, кеңес беру жұмысы өткізілді. Пандемия кезеңінде жасалатын алдын-алу шаралары, қатерлі індеттен психологиялық қорғанудың амалдары айтылып, кәсіби кеңестер берілді.

«BIRGEMIZ» волонтерлік «Қамқор» бағыты аясында 1 қазан күні жалғызілікті қарт кісілердің үй шаруасындағы жұмыстарына «Шу Темір жол» колледжінің волонтерлары көмек көрсетті

18 маусым күні Шу қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторының ұйымдастыруымен Шу «Темір жол «колледжінде «Жастар -ұлт болашағы» атты жастарға құқықтық, психологиялық, әлеуметтік бағыттар бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған іс-шараға Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы » КММ-нің аға инспектор заңгері Касенова Әсел Қыпшақбайқызы және «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің психологы Қонысбай Шарапат Жарқынбекқызы қатысты. Студенттер мамандарға сауалдарын қойып, жауаптарын алды. #Шу қаласы# #Шу жастары#10. 01. 2019ж.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлік дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Бағдарламасы аясында азаматтардың өз бетінше жұмысқа орналасуға мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылған.
Осы Бағдарлама шеңберінде «Шу темір жол колледжі» мекемесінде «Газ және электр дәнекерлеуші», «Сантехник», «Электромонтер» мамандықтары бойынша оқыту басталды. Оқыту ұзақтығы бір айдан үш айға дейін.

Кәсіптік оқыту:
1) жұмыс іздеп жүрген адамдар;
2) жұмыссыздар;
3) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндер үшін жүзеге асырылады

«Жастар жылы» аясында «Қазақстан — тәуелсіздік жолында» тақырыбында студенттерге теміржол мекемелеріне экскурсия жасалды. Аталған экскурсияда жұмыс барысымен таныстырып, түсіндірген өндірістік-технологиялық бөлім басшысы Ж. Даберов сонымен қатар өндірістік және экологиялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. Гилязитдинов болды.

«Шу темір жол колледжі» студенттерінің қатысуымен «Мен өмірді таңдаймын» атты психологиялық тренинг өтті. Тренинг барысында жастар арасында өмірге деген құштарлықты арттыру, имандылықты, рухани құндылықта бала бойына дарыту мақсатында шығармашылық, рольдік ойындар жүргізілді. Нәтижесінде студенттер өмірге деген құштарлық пен адам бойындағы ең жағымды қасиеттерді рольдік ойындар арқылы түсіне білді. Сабақта шаршағаннан арылу, өздерін еркін сезіну, стрестен арылу мақсатында релакцациялық жұмыстар жүргізіліп отырды.

«Шу темір жол колледжі» мекемесінде 23.05.2019 жылы «Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру», «Құқықтық сауат-заман талабы» тақырыбында АПБ-нің аға инспекторлары Үміт Хабибұлы, Айсұлу Бараққызы мен колледждегі ДТІЖО Сутенова Ү. М және ДҚІЖО Абдуллаев Т. М қатысуымен кездесу өткізіліп, студенттер түгел қатысты. Студенттер көкейдегі өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

Колледжіміздің мақтан тұтар 2 курс студенті Шантыбай Темірлан «Аудандық жастар делфийлік ойындарынан» жүлделі ІІ орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Бұл ойынның мақсаты — өнердің жоғары форумы ретінде жастарды тәжірибелік дамыту мақсатында өткізілетін, шығармашылық дарынды және талантты жастарды тауып, орындаушылардың кәсіби өсуіне қолдау көрсету болып табылады. Темірланды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылығына толағай табыствр тілейміз!

Колледж психологы Аргимбаева А. мен медбике Бердібаева А. ұйымдастыруымен студенттер арасында «Нашақорлықты алдын алу» тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты нашақорлықтың адам ағзасына, әсіресе соның ішінде жүйке жүйесіне тигізетін кері әсерлерін түсіндіру болып табылады. 

Дөңгелек үстелдің соңы кітап көрмесіне ұласты. Сонымен қатар әр түрлі рухани тақырыпта әңгімелер жүргізіліп, студенттер бір сергіп қалды.

 

Күні кеше колледж кітапханасында қалалық кітапхананың қатысуымен 1 мамыр — Бірлік күніне орай «Қазақстан — тұрақтылық пен татулық мекені» атты дөңгелек үстел өтті. Талқылауға колледж студенттері қатысты.

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі.
Біздің колледжімізде шет қалмай, жылдағы дәстүр бойынша «Наурыз көже» пісіріп, арнайы ақ дастархан жайды. 
Қазақтың төл мерекесімен баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!

1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай Шу қаласы бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы Турисова Мақпал Байғұтқызы, Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Керімбаева Гүлмира Амангелдіқызы, әлеуметтік қызметкерлері Төрекулова Айгул, Айткулова Ардақ Замашқызының бірлесе ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы өткізілді. Аталған шараға «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттері қатысты. Акция барысында жалғызілікті қарт Игнатьева Файна Григорьевнаның үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, үй ішіндегі бөлмелерін тазалап, аула маңы күл-қоқыстан тазартылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты- көңілдеріндегі үміт отын өшірмеген әжелерімізге қуанышты көңіл күй сыйлау, мейірімге бөлеу, үлкеннің батасын алу. 

 

Мәнерлеп оқудан «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттерінің жүлделі орындар иеленіп, марапатталу сәті.

«Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Шу темір жол колледжі» мекемесінің студенттерінің кітапханада өткен іс шаралардан көрініс.