Шу темір жол колледжі

previous arrow
next arrow
Slider

Құрметті талапкер!

Біз сіздерді Шу темір жол колледжіне (ШТЖК) шақырамыз, бұл колледжде оқу арқылы сіз өз қызметіңізді темір жол мекемелері мен кәсіпорындарында, метрода білікті маман ретінде бастай аласыз.

     «Шу темір жол колледжі» 2010 жылдың мамыр айынан жұмыс істеу құқығын беретін Лицензия Серия KZ05LAA00006513 алуына байланысты өз жұмысын бастады.
     Бүгінгі таңда колледждегі оқыту, тәрбие және әдістемелік жұмыстар жоғары білікті, білімді оқытушылардың бірлестігінің қатысуымен іске асырыла отырып, болашақ жас маманды тәрбиелеуде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, жаңа технологиялар түрлеріне көп көңіл бөледі.
     ШТЖК мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмыс істейді және техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын барлық талаптарға сай келеді
       Біздің колледжді бітіруші түлектер – бұлар үздік білімді мамандар, олардың көңілден шығатын, жоғары ақылы жұмыс табуға мүмкіндіктері бар.

 

 

 

«Шу темір жол колледжі» мекемесімен серіктес ұйымдар

 

Тапсыру құжаттары

   Оқуға түсер кезде Сізден келесі құжаттарды тапсыру талап етіледі:

  1. Білімі туралы құжат (түп нұсқасы)
  2. 075-У – дәрігерлік анықтама және егу дәрігерлік картасы, флюрографиясы, оқушының денсаулығы жайындағы паспорт.
  3. Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (ЖСН).
  4. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет.
  5. Файлдық папка
  6. Таңдаған мамандығын көрсететін өтініш (бланк колледжде беріледі).

     Құжат  қабылдау  мерзімі:  9-сыныптан кейін 20-шы маусымнан 25-ші шілде аралығында 

     11-сыныптан кейін 1-20-шы  тамыз аралығында 

hrn6SkPjla0

Колледжде мына мамандықтар даярланады:

07160500 — «Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 4S 07160503 — Техник-электромеханик

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 ж. 10 ай (9 сынып), 

2 ж. 10 ай (11 сынып)

 

06130100 — «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 4S 06130103 — Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушысы

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 ж. 10 ай (9 сынып),

2 ж. 10 ай (11 сынып)

 

07140700 — «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару»

Біліктілігі: 4S 07140703 — Техник-электромеханик

Оқыту нысаны: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3ж. 10 ай (9 сынып), 2 ж. 10 ай  (11 сынып)

 

07150500 — «Дәнекерлеу ісі  (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 3W 07150501 — Электр газымен дәнекерлеуші  

Оқыту нысаны:   күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 ж. 10 ай (9 сынып), 1 ж. 10 ай  (11 сынып)

 

07130100 — «Электр жабдықтары  (түрлері және салалары бойынша)»

Біліктілігі: 3W 07130101 — Электромонтер (түрлері және салалары бойынша)

Оқыту нысаны:   күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 ж. 10 ай ( 9 сынып), 1 ж. 10 ай  (11 сынып)

Бізге хат жолдаңыз

...