Шу темір жол колледжі

previous arrow
next arrow
Slider

Құрметті талапкер!

Біз сіздерді Шу темір жол колледжіне (ШТЖК) шақырамыз, бұл колледжде оқу арқылы сіз өз қызметіңізді темір жол мекемелері мен кәсіпорындарында, метрода білікті маман ретінде бастай аласыз.

     «Шу темір жол колледжі» 2010 жылдың мамыр айынан жұмыс істеу құқығын беретін Лицензия Серия KZ05LAA00006513 алуына байланысты өз жұмысын бастады.
     Бүгінгі таңда колледждегі оқыту, тәрбие және әдістемелік жұмыстар жоғары білікті, білімді оқытушылардың бірлестігінің қатысуымен іске асырыла отырып, болашақ жас маманды тәрбиелеуде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне, жаңа технологиялар түрлеріне көп көңіл бөледі.
     ШТЖК мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмыс істейді және техникалық және кәсіптік оқу орындарына қойылатын барлық талаптарға сай келеді
       Біздің колледжді бітіруші түлектер – бұлар үздік білімді мамандар, олардың көңілден шығатын, жоғары ақылы жұмыс табуға мүмкіндіктері бар.

Тапсыру құжаттары

   Оқуға түсер кезде Сізден келесі құжаттарды тапсыру талап етіледі:

 

  1. Білімі туралы құжат (түп нұсқасы)
  2. Мектептен мінездеме
  3. 086-У – дәрігерлік анықтама және егу дәрігерлік картасы, флюрографиясы, оқушының денсаулығы жайындағы паспорт.
  4. Жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі (ЖСН).
  5. 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет.
  6. Файлдық папка
  7. Таңдаған мамандығын көрсететін өтініш (бланк колледжде беріледі).
  8. Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) мекенжай анықтамасы

     Құжат  қабылдау  мерзімі: 20-шы маусымнан 20-шы тамыз аралығында күндізгі бөлім

     20-шы маусымнан 20-шы қыркүйек аралығында сырттай бөлім

hrn6SkPjla0

Колледжде мына мамандықтар даярланады:

1107000 — «Көтергіш көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану (салалар бойынша) »

Біліктілігі: 110704 3 — Техник-механик

Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3ж. 6 ай ( 9 сынып), 2 ж. 6 ай (11 сынып)

1108000 — «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 110818 3 — Техник-электромеханик

Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 ж. 10 ай (9 сынып), 

2 ж. 10 ай (11 сынып)

120200 — «Көліктегі тасымалдау мен қозғалысты басқаруды ұйымдастыру (салалар бойынша) »

Біліктілігі: 120206 3 — Техник

Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 ж. 10 ай (9 сынып),

2 ж.  10 ай  (11 сынып)

1304000 — «Электрондық есептеу техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 130404 3 — Техник-бағдарламашы

Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 ж. 10 ай (9 сынып),

2 ж.  10 ай (11 сынып)

130300 — «Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару»

Біліктілігі: 130304 3 — Электромеханик

Оқыту нысаны: күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3ж.  10 ай (9 сынып), 2 ж.  10 ай  (11 сынып)

1114000 — «Дәнекерлеу ісі  (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 130404 2 — Электр газымен дәнекерлеуші  

Оқыту нысаны:   күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 ж. 10 ай (9 сынып), 1 ж.  10 ай  (11 сынып)

0901000 — «Электр станциялары мен желілердің электр жабдықтары  (түрлері бойынша)»

Біліктілігі: 09011 2 — Электромонтер

Оқыту нысаны:   күндізгі, сырттай

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 ж. 10 ай ( 9 сынып), 1 ж.  10 ай  (11 сынып)

Бізге хат жолдаңыз

...